№33 «Алтын дән» балабақшасында 2018 жылдың 25 сәуір күні «Көркемдік – эстетикалық тәрбие» кластер бағыты бойынша ұйымдастырылған «Өнерлі отбасы» қалалық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен, басқа ата - аналармен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Балабақша-отбасы- бала қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. Сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға балабақша меңгерушісі Кенесова Айсұлу Егізбайқызы шығып ақ тілегін білдірді. Сайысқа 9 балабақша - жетекші №33 «Алтын дән» балабақшасынан Абуталипова Айнұр, ұлы Бекбау Рүстеммен , №38 «Шаттық» Айнабекова Жанар, қызы Серикова Жаниямен, серіктес балабақшалар- №17 «Ер Төстік» бб – Наширали Айжан, қызы Бигелді Алуа, №19 «Балбөбек» б/б Хасенова Динара, қызы Галиханова Данель, №31 «Ақ сұңқар» бб – Сопыбекова Дана, қызы Мыңжасар Үміт, №60 «Арай» бб Каденова Гуляйна, қызы Саулембек Каусар, №87 «Қадыр» бб Дюсенова Гүлайша, қызы Ұзақбай Зерде, №88 «Баяy cұлу» бб –Жанабаева Нұржамал, қызы Узыханова Жанерке, №90 «Еркежан» бб – Мұқанова Мейрамгүл, қызы Түлкібай Аминамен сайысқа қатысты.
Әділқазы алқаларының құрамы: ақын, сазгер, бірнеше балаларға арналған өлең ән жинағының авторы – Жотаева Гүлайым Жүнісқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы акдемиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы - Қылышбай Гүлбаршын Рәшкенқызы, № 2 Өнер мектебінің оқытушысы, дизайнер - Халиева Эльмира арнайы шақырылды.
Сайыс 4 кезеңдерден –
Таныстыру, Өнерлі өрге жүзер, Шебер қолдар, Сән үлгісі.
Сайыс болған соң жеңімпаз болары хақ. Бас жүлдені- №33 «Алтын дән» б/б Бекбау отбасы, мен І орын - №60 «Арай» б/б Бурлибаевтар отбасы , ІІ орын - №38 «Шаттық» б/б Сериковтар отбасы, ІІІ орын - №90 «Еркежан» бб – Мұхановтар отбасы иеленді. Қалған балабақшалар алғыс хаттармен марапатталды.Сайыс өте қызықты да тартысты өтті. Әрдайым балабақшадағы ата-аналар арасында осындай сайыстарға құлшына қатысатын болса, балабақша мен ата-аналар арасында қарым-қатынас нығая түсуі сөзсіз. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашағымыз екенін ұмытпайық ағайын!
Дайындаған №33 «Алтын дән»
балабақшасының инновация әдіскері С.А.Аршкенова