№33 «Алтын дән» балабақшасында 2018 жылдың 4 сәуір күні «Көркемдік – эстетикалық тәрбие» кластер бағыты бойынша ұйымдастырылған «Өнерлі отбасы» сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен, басқа ата - аналармен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Балабақша-отбасы- бала қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Сайысқа 7 топтан жеті ата-ана қатысты. Сайыс болған соң жеңімпаз болары хақ. №11 «Шие» ортаңғы тобының ата-анасы Перелехова Екатерина мен қызы Дамирова Вера –жүлделі І орынды, №9 «Қоңырау» тобынан
Нургалиева Меруерт мен ұлы Нургалиев Рашид жүлделі ІІ орынды, №4 «Көжек» тобы Альпиева Аяулым мен қызы Оразбай Жансая жүлделі ІІ орындарды иеленді. Сайысқа қатысқан басқа ата-аналар №12 «Ақ қайың» тобы Жарикова Елена мен қызы Жарикова Валерия, №6 «Ботақан» тобы
Исмайлова Гаухар мен қызы Бақыт Дияра, №5 «Қарлығаш» тобы
Кожухова Айнаш мен қызы Елібай Сезім, №3 «Айгөлек» тобы Шоранова Қарлығаш мен қызы Шоран Айару –- алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс өте қызықты да тартысты өтті. Әрдайым балабақшадағы ата-аналар арасында осындай сайыстарға құлшына қатысатын болса, балабақша мен ата-аналар арасында қарым-қатынас нығая түсуі сөзсіз. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашағымыз екенін ұмытпайық ағайын!