«Көркемдік-эстетикалық тәрбие» - кластер бойынша №33, №38, №17, №19, №31, №60, №88, №87, №90 балабақшалар біріктірілген. Оның ішінде №33 «Алтын дән» және №38 «Шаттық» жетекші балабақшалар болып бекітілген.
№ 33 «Алтын дән» балабақшасында «Көркемдік-эстетикалық тәрбие» кластерінің бағыты бойынша жоспар бекітіліп, іс-шаралар өткізілді.
Мектепке дейінгі мекемеде 2017--2018 жж арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп және іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуін тікелей балабақша меңгерушісі Айсұлу Егізбайқызының тарапынан қадағалау жүргізіліп отырды.
2017 жылдың 8-ші желтоқсан күні ««Көркемдік-эстетикалық тәрбие» негізінде денсаулықты дамытудағы музыканың тиімділігін арттыру» семинары ұйымдастырылды. Сол семинарға жоғарыда көрсетілген балабақшалар қатысты.
Семинарды балабақша меңгерушісі А.Е.Кенесова кіріспе сөзімен бастады. Сонан соң балабақша психологі С.С.Байтукина «Кел, бойымызды сергітейік» атты тренинг жүргізді.
Музыка пәні бойынша балабақшамыздың музыка жетекшісі Г.С.Мурашбекова «Қазақстан менің мақтанышым!» тақырыптық ұйымдастырылған ашық оқу қызметін көрсетті. Оқу қызметі өте жоғары деңгейде өтті.
Жүзу нұсқашысы Н.Ю.Туребаева «Көңілді саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткізді. Біздің семинардың тақырыбына байланысты барлығы музыка мен спорттың біріктіруі арқылы көрсетілді.
Балабақшамыздың инновация әдіскері С.А.Аршкенова «Көркемдік-эстетикалық тәрбие» бағытындағы кластер бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.
"Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-ырғақтық қимылдарды дамыту құралы ретінде эмоционалды-бейнелі қабылдауы " атты тақырыпта балабақша музыка жетекшісі Ж.А.Каракулова өз тәжірбиесінен баяндама оқыды.
Келген қонақтар өздерінің қоржындарына керекті мәліметтерді алды деп ойлаймыз. Семинар жоғары деңгейде өтті.